Егін шаруашылығына жеңілдікпен 140 млрд теңге кредит беріледі

0 221

Премьер-министр Олжас Бектенов биыл егін шаруашылығын қолдауға мемлекеттен бөлінген қаражаттың көлемін атады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

«Биылғы астықтың бітік шығуы егіс науқанын сапалы әрі уақтылы жүргізуге байланысты. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар маңызды науқан.

«Кең дала» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен 140 млрд теңге кредит беріледі. Сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қосымша 100 млрд теңге бөлінеді.

Бұл қаржы көздері көктемгі науқандық жұмыстар мен күзгі егін орағына қосымша 425 млрд теңге жеңілдікті кредит бағыттауға мүмкіндік береді», — деді ол Үкімет отырысында.

Оның айтуына қарағанда, биыл жеңілдетілген бағамен 340 мың тонна дизель отынын бөлу жоспарланып отыр.

«Форвардтық сатып алуға 40 млрд теңге және субсидиялар түрінде 95,4 млрд теңге қаралды», — деді Олжас Бектенов.