Доллар бір күнде 3 теңгеге қымбаттады
Ұлттық банк 2 маусымға арналған ресми валюта бағамдарын жариялады. Оған сәйкес, доллар бағамы 488,96 теңгені, ал рубль бағамы 6,81 теңгені құрады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Алдыңғы күнмен салыстырғанда доллар бағамы 3,01 теңгеге нығайып, 485,95 теңгеден 488,96 теңгеге дейін өсті. Ал рубль бағамы керісінше 0,02 теңгеге төмендеп, 6,83 теңгеден 6,81 теңгеге түсті.
Астанада долларды сатып алу бағамы орта есеппен 486,01 теңгені, ал сату бағамы 493,00 теңгені құрады. Рубльдің сатып алу бағамы 6,45 теңге, сату бағамы 6,75 теңге деңгейінде қалыптасты.
Алматы қаласындағы айырбастау орындарындағы доллардың орташа сатып алу бағамы 490,56 теңге болса, сату бағамы 493,25 теңгеге жетті. Ресей рублі 6,56 теңгеден сатып алынып, 6,69 теңгеден сатылып жатыр.