Жамбыл облысында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады

0 9

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысының Талас ауданында әскери ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қону фактісін растады. Мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиғаға техникалық ақау себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, 2 маусым күні Қарулы күштердің Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде штаттан тыс қонған.

Оқиға Жамбыл облысының Талас ауданы аумағында болған. Салдарынан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ ғимараттар мен инфрақұрылым нысандарына зақым келмеген.

Ведомоство тұрғындар үшін ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта аппарат құлаған аумақты тексеру және себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.