Берік Асылов Қазақстанның Бас Прокуроры болып қайта тағайындалды

0 4

Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, Берік Асылов бұл қызметті 2022 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді. Оған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Әр жылдары прокуратура органдарында түрлі басшылық лауазымдарда еңбек етіп, құқық қорғау саласында мол тәжірибе жинақтаған.