Астанада қоймадан өрт шығып, мың шаршы метр аумағы жанып кетті

0 10

Бүгін таңғы сағат 07-20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық ТЖД жеке құрамынан 65 астам адам және 15 техника жұмылдырылды.