Алматыда жер сілкінді

0 255

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 16 қазаннан 17-сіне қараған түні сағат  03:23-те жер сілкінгенін хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан.

Министрлік жер сілкінісінің күші Алматы қаласына 2 баллдық дәрежеде сезілгенін мәлім етті.

Ведомоствоға зардап шеккендер мен нысандардың қирауы туралы ақпарат түспеген.