Мемлекеттік басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады

0 7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесі және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ медицина қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

II дәрежелі «Барыс» орденімен «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы Болатбек Баймаханов марапатталды.

«Парасат» орденімен:

Бектұрғанов Рамазан Сейдахметұлы – Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық офтальмологиялық аурухана» МКК директоры;

Боромбаев Ульфат Төлеуғалиұлы – Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Павлодар облыстық онкология диспансері» КМК бөлімше меңгерушісі;

Нысанов Әбілмәжит – Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақ республикалық лепрозорийі» ММ Тасбөгет диспансерлік бөлімшесінің меңгерушісі;

Төлепбергенова Айгүл Дүйсенбайқызы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлім бастығы марапатталды.

«Құрмет» орденімен:

Әбдел Зият Жұмаділұлы – «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС жетекші ғылыми қызметкері;

Бидайбаев Арғын Ноянұлы – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Теміртау қаласының көпбейінді ауруханасы» КМК директоры;

Бимағанбетова Нұржамал Баяхметқызы – Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Жангелдин аудандық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі;

Богославский Павел Владиславович – Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК директорының орынбасары;

Иманғазинов Сағит Баймұқанұлы – «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар филиалының профессоры;

Исабекова Лаура Қайратқызы – «Қостанай қаласының № 5 емханасы» ЖШС медицина директоры;

Колеснев Александр Валериевич – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС бөлімше меңгерушісі;

Күлімбетов Амангелді Сейітмағамбетұлы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ профессоры;

Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы – Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы «Қалалық кардиология орталығы» КМК директоры;

Мұстафинова Гүлнәр Төлеуханқызы – «University Medical Center» КҚ департамент директоры;

Нұрланова Рысты Берекелқызы – «Республикалық жоғары медицина колледжі» ЖШС консультанты;

Савхатова Ақмарал Досполқызы – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ дәрігері, Алматы қаласы;

Смағұлова Ғазиза Ажмағиқызы – «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ кафедра басшысы, Ақтөбе қаласы;

Сыбанбаев Дархан Әріпұлы – Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл көпбейінді орталық аудандық ауруханасы» КМК директоры;

Тұрысбекова Сәуле Тілеубергенқызы – «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі, Алматы қаласы;

Уәлиева Райгүл – Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының зертхана меңгерушісі;

Хаиров Константин Эдуардович – «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ хирургиялық блок басшысы марапатталды.

 «Ерен еңбегі үшін» медалімен:

Балжанов Жеңіс Мырзасейітұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» МКК бөлімше меңгерушісі;

Бекарысов Олжас Сапарғалиұлы – «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» РМК директоры;

Бердешева Мира Қабдылкәрімқызы – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «№ 5 қалалық емхана» МКК бас мейіргері;

Жұмахаева Әлия Серікқызы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» МКК директорының орынбасары;

Кәрібай Серік Дүзелбайұлы – «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ бөлімше меңгерушісі, Астана қаласы;

Мустафин Рамиль Табрисович – «Астана Эколайф» ЖШС медициналық директоры;

Огай Вячеслав Борисович – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС профессоры;

Тё Дмитрий Валерьевич – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы «Көпбейінді облыстық ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі;

«Шапағат» медалімен:

Амангелдіқызы Сая – «Ұлттық балаларды оңалту орталығы» КеАҚ басқарушы директоры;

Дигай Александр Константинович – «Ұлттық ғылыми онкология орталығы» ЖШС аға ординаторы;

Дүйсекенова Гүлжазира Қинайатқызы – Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» КМК қызмет басшысы;

Ким Алексей Юрьевич – Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Атырау облыстық балалар ауруханасы» КМК дәрігері;

Мұхамедиев Ермек Дәкенұлы – Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Облыстық қан орталығы» МКК директоры;

Оразалинов Азамат Жанәбілұлы – Астана қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бөлім бастығының орынбасары Валерий Бенберинге табысталды.

 «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы:

Байғошқарова Рахат Өсербайқызы – денсаулық сақтау саласының ардагері, Астана қаласы;

Епенова Жапырақ Кеңесханқызы – Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директоры;

Карабаева Раушан Жумартовна – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директоры;

Кисикова Сәуле Дүйсебекқызы – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК директорының кеңесшісіне берілді.