Алматыда тағы да жер сілкінісі сезілді

0 80

Алматы қаласында бүгін, 6 наурыз күні шамамен сағат 05:11-де тағы да жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісінің мамандары жер сілкінісін Алматы уақытымен 6 наурызда 05 сағат 09 минут 58 секундта тіркеген.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырымда Қытай аумағында (афтершок) орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты — 12.6.

MPV магнитудасы — 5.4.

Эпиошақ координатасы 41.22° с.е. 78.73° ш.б.

Тереңдігі: 10 км.

Алматыда сезілуі туралы дерек (МSК-64 шкаласы бойынша): 2 балл.