Әлихан Смайылов лауазымды қызметке қайта оралды

0 249

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловты жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда таратқан хабарламада.