Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады

0 7

Синоптиктер 20-21 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, демалыс күндері ауа райының өзгеруі атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты болады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, екпіні артады. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады.

 «Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді», делінген хабарламада.

Ал батыс өңірлерде ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады.