Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді

0 409

Төтенше жағдайлар министрлігінің сеймикалық станциялар желісі өткен түні, сағат 4:58-де Қазақстан-Қытай шекарасында жер сілкінісін  тіркеді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде екі ел шекарасында екені анықталды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. MPV Магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісінің координаттары – 44,79° с.б. 80,23° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Қазақстан аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ.