Жайық жіті бақылауда

0 524

Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы кейінгі ақпараттарды айтты, деп жазады  «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, Атырау облысы Жайық жағасындағы жағдай жіті бақылауда. Өзендегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізіліп жатыр.

«Атырау қаласында Жайық өзенінің бойында жағалауды бекіту жұмыстары жалғасып жатыр. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін дрон қолданылады. Атырау облысына бекітілген күштер мен құралдар су тасқынына қарсы жұмыстарды тоқтатқан жоқ», деді ТЖМ өкілі Асқар Шәріп.

Сондай-ақ, Республика бойынша 37324 адам үйлеріне оралды. 6817 адам эвакуациялау пункттерін паналап отыр.

 6379 тұрғын үй мен 2794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.