Тажибаев Анарбек Мейрамбековичтің сайлауалды бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №9 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Тажибаев Анарбек Мейрамбековичтің Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Тажибаев Анарбек Мейрамбекович, 1991 жылдың 3 қазанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997-2009 жылдар аралығында Байзақ ауданындағы С.Абланов атындағы орта мектепте тәмамдадым. 2009-2013 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетіне оқуға түсіп, «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
Бүгінгі таңда әкем негізін қалаған өнегелі істі жалғастырып, автомектепке басшылық етемін. Сонымен қатар, өзім де жүргізушілік пәнінен тәжірибелік әрі теориялық дәріс беремін.Еңбек жолымда жастарға жол қозғалысы ережелерін сапалы үйретуді, қоғамда жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруды және ауыл тұрғындарына тәжірибелік тұрғыда жан-жақты қолдау көрсетуді кәсіби міндетім деп санаймын. Әке аманатына адал болып, елге қызмет ету-мен үшін үлкен абырой.
Отбасылымын.Үш ұл тәрбиелеп отырмын.
Туған ауылымның қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне әрдайым белсене араласып келемін. Өскен өлкемнің ажары артып, көркеюі үшін ұйымдастырылатын абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарынан ешқашан тыс қалған емеспін. Халқымыздың рухани құндылықтарын дәріптеу мақсатында ауыл мешітінің жөндеу және қолдау жұмыстарына тұрақты түрде атсалысамын. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезіне отырып, аз қамтылған, көпбалалы және көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық қолын созуды өзімнің перзенттік әрі азаматтық парызым деп есептеймін.
Сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары
Егер сіздер маған зор сенім артып, халық қалаулысы-депутат болып сайлансам, ауылымыздың әлеуетін арттырып, әрбір шаңырақтың әл-ауқатын жақсарту үшін мына негізгі бес бағыт бойынша аянбай еңбек етемін:
- Жол қауіпсіздігі мен ауыл инфрақұрылымын жақсарту
Кәсіби маман ретінде ауылымыздағы жол қауіпсіздігінің нығаюына ерекше көңіл бөлемін.
Ауылдың ішкі жолдарының сапасын көтеру, тозығы жеткен көшелерді жөндеу, мектеп пен әлеуметтік нысандардың маңына жаяу жүргіншілер жолақтары мен жол белгілерін орнату, көшелерді заманауи жарықтандырумен толық қамтамасыз ету мәселесін тиісті органдардың алдына қатаң қоямын.
Сонымен қатар, әрбір үйге таза ауыз судың тұрақты келуін және ауыл ішіндегі тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жүйелі жүргізілуін бақылауда ұстаймын.
Ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысын жеңілдететін инженерлік желілердің үздіксіз жұмыс істеуі мен қоғамдық орындардың қолайлылығын да назардан тыс қалдырмаймын.
- Ауыл жастарына қолдау, сапалы білім және жұмыспен қамту
Туған жерімнің өркендеуі-білімді де еңбекқор жастардың қолында. Өзім білім алған С.Абланов атындағы орта мектептің және ауылдағы өзге де білім, мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал етемін.
Ауыл жастарының сапалы білім алып, туған өлкеде тұрақталып, лайықты еңбекпен қамтылуына күш саламын. Жастардың бұқаралық спортпен шұғылдануына, кәсіптік бағдар алуына және мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін ашуына жан-жақты қолдау көрсетемін.
- Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруы-мен үшін ең өзекті мәселе. Ардагерлеріміз бен зейнеткерлерімізге, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің әділ әрі уақытылы жетуін қадағалаймын.
Ауылдағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, тұрғындарға алғашқы медициналық көмектің қолжетімді болуына ықпал етемін.
Әсіресе, жалғызбасты қарттар мен көмекке мұқтаж азаматтардың тұрмыстық қажеттіліктерін анықтап, оларға тиісті қолдау көрсетілуіне атсалысамын.
- Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту
Ауылдың негізгі күнкөріс көзі саналатын-мал және егін шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несиелердің кедергісіз берілуін талап етемін.
Жайылымдық жерлер мен ағын су мәселелерін шешу, сондай-ақ ауыл ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында жұмыстар жүргіземін.
- Құқықтық қолдау және халықпен ашық байланыс
Заңгер маман ретінде ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, жер, құжат рәсімдеу және өзге де тұрмыстық мәселелер бойынша заң аясында тегін кеңес беруге әрдайым дайынмын.
Депутаттыққа түсудегі басты мақсатым-ауылдастарымның үнін билікке жеткізу. Ай сайын тұрғындармен ашық кездесулер өткізіп, атқарылған істер бойынша есеп беріп отыруды дәстүрге айналдырамын.
Құрметті ауылдастар!
Елдің болашағы-бірлік пен татулықта. Депутаттық мандат-мен үшін мансап емес, туған елге деген үлкен жауапкершілік. Бос уәдемен емес, нақты істермен туған жерімізді бірге көркейтейік!
Алдағы сайлауда маған сенім артып, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын!
Тапсырыс жасаған тұлға: №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Анарбек Мейрамбекович Тажибаев.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.