Читабаев Даулет Алтынбековичтың сайлауалды бағдарламасы

0 221

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №15 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Әділет” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Читабаев Даулет Алтынбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы

Мен, Читабаев Даулет Алтынбекович, 1989 жылы 5 сәуірде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота  ауылында дүниеге келдім.

2007 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласы Әулие-Ата университеті (ЖГТУ) заңгер мамандығы бойынша аяқтадым, қосымша әскери кафедра офицер-лейтенант шенін алдым.

Еңбек жолымды 2013-2014 жылдары экскаватор, жүк тиегіш,  самосвал жүргізіп, жұмыс атқардым.

2013 жылдан бері жеке кәсіппен КХ «Бағдаулет», ИП «Читабаев», ИП «Хан строй» құрылыс техникаларымен айналысамын.

Кәсіпкерлік саласында жинаған тәжірибем маған еңбек етудің, жауапкершілікті сезінудің және кез келген істі жүйелі ұйымдастырудың маңызын үйретті. Күнделікті жұмыс барысында ауыл тұрғындарымен, түрлі сала өкілдерімен тығыз байланыста болып, олардың ұсыныстары мен мәселелеріне назар аударып келемін. Осы тәжірибемді ауданның қоғамдық өміріне араластырып, елдімекендердің дамуына бағытталған жұмыстарға үлес қосуды азаматтық міндетім деп санаймын.

Отбасылымын, төрт бала тәрбиелеп отырмын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат «Кәсіпкерлікке қолдау-халықтың әл-ауқатына жол».

Мен қарапайым кәсіпкер ретінде аудан тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігін, ауылдағы өзекті мәселелерді және халықтың талап-тілегін жақсы түсінемін. Мақсатым-ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

Негізгі басымдықтарым:

— Кәсіпкерлікті дамыту: шағын және орта бизнесті қолдау, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету, жергілікті кәсіпкерлердің мәселелерін көтеру.

Аудан экономикасының дамуы жергілікті кәсіпкерлердің мүмкіндігімен және олардың еркін жұмыс істеуіне жасалған жағдаймен тығыз байланысты. Сондықтан кәсіп ашуға ниетті азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, қолданыстағы кәсіпкерлік нысандардың жұмысын кеңейтуге ықпал ету және жергілікті өнім өндірушілердің бастамаларын қолдау маңызды. Сонымен қатар құрылыс, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларындағы кәсіп иелерінің өзекті мәселелерін назарға алып, оларды шешу жолдарын қарастыру қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан экономикасының жандануына және тұрғындардың табыс көзін арттыруға мүмкіндік береді.

— Жұмыспен қамту: жастар мен жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына, кәсіптік білім алуына мүмкіндік жасауға атсалысу.

Жастардың еңбек нарығында өз орнын табуы да назардан тыс қалмауы тиіс. Ол үшін сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге, тәжірибе жинақтауға және жеке кәсіппен айналысуға жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдау қажет. Әсіресе ауыл жастарының өз туған жерінде тұрақты жұмыс тауып, кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік беретін жобалардың жүзеге асуына атсалысу маңызды. Өйткені әрбір жаңа жұмыс орны – бір отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуға жасалған нақты қадам.

— Ауыл инфрақұрылымы: жол, ауызсу, көше жарығы және абаттандыру мәселелерінің шешілуіне ықпал ету.

Ауылдық елді мекендердің дамуы тек негізгі инфрақұрылым нысандарын салумен шектелмеуі керек. Тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін балалар ойын алаңшаларын көбейту, қоғамдық орындарды ретке келтіру, көшелердің тазалығын сақтау және ауылдардың сәулеттік келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстар да маңызды. Сонымен бірге инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау кезінде тұрғындардың нақты сұраныстары мен ұсыныстары ескерілуі қажет. Әрбір елдімекеннің өзіндік мәселелеріне назар аударып, оларды кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету – басты міндеттердің бірі.

— Әлеуметтік қолдау: аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету бастамаларын қолдау.

Ауданның тұрақты дамуы үшін әлеуметтік мәселелерге де айрықша көңіл бөлінуі қажет. Әсіресе ауылдық жерлердегі білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау маңызды. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, спортпен және шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін нысандардың дамуына ықпал ету-қоғам болашағына салынған инвестиция.

Депутаттық қызметтің нәтижелі болуы халықпен ашық әрі тұрақты қарым-қатынас орнатуға тікелей байланысты. Тұрғындардың күнделікті өмірінде кездесетін мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың шешілуіне ықпал ету үшін ауылдық округтерде кездесулер өткізіп, азаматтардың пікіріне құлақ асу қажет. Әрбір ұсыныс пен өтінішке жауапкершілікпен қарап, көтерілген мәселелердің орындалу барысын назарда ұстау маңызды. Халықпен кері байланыстың болуы қабылданатын шешімдердің өміршеңдігіне және олардың нақты қажеттіліктерге сай болуына мүмкіндік береді.

— Халықпен тұрақты байланыс: тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, оларды мәслихат отырыстарында көтеру және орындалуын бақылауға атсалысу.

Менің ұстанымым:

Халықтың сенімі-үлкен жауапкершілік. Депутаттық қызметте ашықтықты, әділдікті және нақты нәтижеге бағытталған жұмысты басты қағида етіп, Байзақ ауданының дамуына өз үлесімді қосуға күш саламын.

Тапсырыс жасаған тұлға: №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даулет Алтынбекович Читабаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.