Укибаева Куралай Скаковнаның сайлауалды бағдарламасы

0 245

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына № 17 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Әділет” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Укибаева Куралай Скаковнаның Сайлауалды Бағдарламасы

ӨМІРБАЯН

Мен, Укибаева Куралай Скаковна, 1976 жылы 18 қыркүйекте Свердлов ауданы Ровное ауылында дүниеге келдім.

1982-1993 жылдары Бурыл орта мектебін бітірдім.

1993-1997 жылдары Тараз мемлекеттік университетінде филология факультетінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып, жоғары білім алдым, еңбек жолын 1998 жылы қыркүйек айынан Бурыл орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастадым. 2004-2021 жылдар аралығында Бурыл орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.

2008 жылы қараша айынан бастап «Бурыл» бастауыш партия ұйымының кезекті есеп беру-сайлау жиналысында осы БПҰ-ның төрайымы болып сайландым.

«Бурыл» БПҰ ұйымы атынан «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауларға бірнеше рет рет қатысып, облыстық кезеңде 100-ден 500-ге дейінгі партия мүшесі бар санатта 3 орынды иеленіп, Дипломмен марапатталдым.

2021 жылдан бастап Бурыл ауылы №6 орта мектебі директоры қызметін атқарудамын.

2021 жылдың қаңтар айы — 2023 жылдың ақпан айы аралығында  Байзақ аудандық мәслихатының жетінші және сегізінші шақырылымдарының депутаты болдым.

Тұрмыстамын, отбасымызда 4 бала тәрбиелеудеміз.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мақсатым – Үлгілі, Қостөбе ауылдық округтері тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне заң аясында ықпал ету.

ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

— Көшелерді жарықтандырып, ауылды абаттандыру, қоғамдық демалыс орындары мен балалар алаңдарын дамыту.

— Әлеуметтік осал топтарды жүйелі қолдап, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарын жақсартуға ықпал ету.

— Тұрғындардың өтініштерін ашық қабылдап, кері байланысты тұрақты қамтамасыз ету.

Ауыл тұрғындары үшін қолжетімді әрі сапалы әлеуметтік қызметтердің болуы маңызды. Осыған байланысты білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы өзекті мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесе отырып шешуге ықпал етемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

— Жайылым тапшылығын шешу, суармалы жерлерді тиімді пайдалану және мал шаруашылығын қолдау.

— Шаруа қожалықтарының мәселелерін зерделеп, олардың шешілуіне ықпал ету.

— Ауылішілік жолдарды жөндеп, су, электр және коммуналдық жүйелерді жаңғырту.

Ауыл шаруашылығы – ауыл экономикасының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан шаруалардың ұсыныстарын тыңдап, мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімді жүзеге асуына және ауыл тұрғындарының жер мен су ресурстарын пайдалану кезінде туындайтын мәселелерінің шешілуіне назар аударамын.

  1. ЖАСТАР САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

-Жастардың білім алуына, кәсіби дамуына және кәсіпкерлік бастамаларына кеңірек мүмкіндік жасау.

-Жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттырып, спорттық-мәдени шараларды дамыту.

Жастардың қоғам өміріне белсенді араласуына және өз қабілеттерін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау қажет. Бұл ретте олардың бастамаларын қолдап, түрлі байқауларға, спорттық жарыстар мен мәдени жобаларға қатысуына жағдай жасауға ықпал етемін.

  1. ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТИІМДІ БАСҚАРУ

— Заң мен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

— Басқару жүйесінің ашықтығы мен есептілігін күшейту, әрбір өтініштің нәтижесін хабарлау.

 Депутат пен сайлаушы арасындағы тұрақты байланыс халық сенімін қалыптастырудың маңызды шарты деп білемін. Сондықтан тұрғындармен ашық кездесулер өткізіп, көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылауда ұстап, атқарылған жұмыстар жөнінде жүйелі түрде ақпарат беріп отыруды көздеймін.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ

— Халыққа адал қызмет ету, әділдік пен ашықтықты ұстану.

— Тұрғындардың пікірімен санасып, ауылдың тұрақты дамуы мен келер ұрпақ үшін қолайлы орта қалыптастыруға күш салу.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарының бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға, ортақ мәселелерді бірлесе шешу мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беремін. Әрбір бастаманың халық мүддесіне сай болуын басты назарда ұстап, ауылдың өркендеуіне бағытталған игі істерге белсенді атсалысамын.

Осы мақсатта ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ұсыныстарды қолдап, олардың жүзеге асуына атсалысамын.

Құрметті сайлаушылар!

Мен сайлауға Байзақ ауданы Үлгілі, Қостөбе ауылдары тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін барамын.

Сол үшін, партияның алға қойған мақсат-міндеттерінің іске асырылуына білімімді, өмірлік және қызметтік тәжірибемді, бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Тапсырыс жасаған тұлға: №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Куралай Скаковна Укибаева.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.