Президент «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды

0 12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласындағы «Ырыс Ордо» конгресс-холына барды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Саммит отырысы алдында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары бірге суретке түсті.