Қытайда жер сілкінісінен екі адам қаза тапты

0 121

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Лючжоу қаласында 18 мамырға қараған түні магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Табиғи апат салдарынан екі адам көз жұмып, тағы бір тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Қазіргі уақытта құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қираған нысандар туралы нақты ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Соңғы күндері, яғни 14-17 мамыр аралығында Қытайдың бірнеше өңірінде магнитудасы 4,5 пен 4,9 аралығындағы жер дүмпулері тіркелген.

Мамандардың айтуынша, Қытай сейсмикалық белсенді аймақтардың қатарына жатады, сондықтан ел аумағында жер сілкіністері жиі болып тұрады.