Доллар тағы арзандады

0 4

Ұлттық банк 30 қыркүйекке белгіленген ресми валюта бағамын жариялады. 29 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар – 439,37 теңге, еуро – 498,60 теңге, рубль – 5,22 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 434,85 теңгеден сатып алынып, 441,85 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 495,01 теңге болса, сату бағамы – 505,01 теңге деңгейінде қалыптасты. Ал рубль 4,91-5,11 теңгеден саудаланып жатыр.

Алматыда доллар 437,43 теңгеден сатып алынып, 439,94 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны 498,07-502,70 теңге, рубльді 4,95-5,07 теңге аралығында сатып алуға болады.