8 наурызда әйелдер қоғамдық көлікте тегін қатынай алады

0 13

Қазақстанның кейбір қалаларында Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандылар қоғамдық көліктерде тегін жүруге  мүмкіндік алды. Бұл туралы бірнеше жергілікті әкімдік мәлім етті.

Мерекенің құрметіне әйел қауымына осындай мүмкіндік сыйлаған қалалар қатарында Астана, Ақтау, Ақтөбе және Атырау бар. Алматы және Шымкент шаһарларында  төлемдер әдеттегідей алынатыны белгілі болды.