4 маусымға арналған ауа райы болжамы

0 174

«Қазгидромет» синоптиктері 4 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ресми мәліметке қарағанда, бүгін ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ ел аумағы бойынша жел күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы аймақтарында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде және шығысында жоғары деңгейде өрт қаупі бар.

Сонымен қатар, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорда облысының шығысында, батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде де төтенше өрт қаупі сақталады.