4-6 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

0 368

«Қазгидромет» РМК 4-6 мамырға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Метеорологтер мәліметінше, елдің солтүстік және батыс аймақтарының тұрғындары қайтадан арктикалық салқынды сезеді. Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен кезектесуі Қазақстан аумағында жауын-шашынды және ауыспалы ауа райына алып келеді.

«Баренц теңізінен суық ауа массаларының кіруі ауа температурасын төмендетеді, түнде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында термометрлер теріс мәндерге түседі, жауын-шашын күтіледі; қарға айналып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, жауын-шашын болжамына қарамастан, көктемгідей жылы ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.