Қазақстандықтардың жеке куәлігі өзгереді

0 221

Енді жеке куәлікте қазақстандықтардың жынысы мен азаматтығы жазылады. Ішкі істер министрлігі жаңа куәліктің үлгісін жария етті, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ішкі істер министрлігі азаматтардың жеке құжатына қосымша ақпарат енгізуді жоспарлап отыр. Дәлірек айтқанда, енді жеке куәліктің беткі жағында адамның жынысы туралы мәлімет көрсетіледі. Яғни, ер адам не әйел екені жазылады.

Ал куәліктің сыртқы жағында штрих-код түрінде кодталған ЖСН және азаматтығы туралы дербес деректер жазылмақ.

Айта кетейік, жеке куәліктің қазіргі нұсқасында Қазақстан азаматының жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет құжаттың чипінде және оның машинада оқылатын аймағында кодталған түрде қамтылған. Енді Ішкі істер министрлігі бұл деректерді көрсетіп жазуды жөн көріп отыр.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған жоба 21 мамырға дейін талқыланады.