Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда

0 46

Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда, жер учаскесіне актіні дайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ филиалының халыққа қызмет көрсету бөліміне келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  1. Өтініш.
  2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі).
  3. Жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы жергілікті атқарушы органның шешімінен үзінді көшірме.
  4. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жерге орналастыру жобасын көрсетілетін қызметті беруші дайындаған жағдайда, жерге орналастыру жобасын ұсыну қажет емес).
  5. Жергілікті жерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
  6. жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар.
  7. Жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде).
  8. Жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶  төлем тапсырмасы).
  9. Жер учаскесіне жеке меншік құқығына актіні дайындағаны үшін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Т. АЙТЫМБЕТОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ–ы Жамбыл облысы бойынша филиалының Жамбыл аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің бас маманы.