Жеке куәлікті электронды түрде алуға болады
EGov mobile мобильдік қосымшасында жеке куәлікті электронды түрде алуға мүмкіндік беретін қызмет пайда болды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ы өзінің Facebook-тегі парақшасында.
Электрондық құжат eGov mobile мобильді қосымшасына СМС арқылы немесе ЭЦП (Электронды цифрлі қолтаңба) арқылы кірген барлық пайдаланушыларына қол жетімді.
Әрбір қазақстандық азамат өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы болмаса, оны QR-код арқылы электронды түрде ұсына алады», делінген хабарламада. Бұл мүмкіншілік Веб-әзірлеушілердің eGov mobile қосымшасының функцияларын іске қосуына байланысты мүмкін болып отыр.
Енді құжаттарды рәсімдеу кезінде, мысалы нотариуста пайдаланушы өзінің электрондық жеке куәлігін eGov mobile қосымшасында көрсету қажет, одан кейін оған QR-код арқылы ашу функциясына қол жеткізу ұсынылады. Осылайша нотариус құжаттың шынайы екеніне көз жеткізе алады, деп атап өтті » Ұлттық ақпараттық технологиялар «АҚ-ы.
А. ЕРЖАНҰЛЫ,
ХҚК бойынша Тараз қалалық №4 бөлім басшысы.
Жамбыл облысы.