Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

0 48

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында «Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бірқатар мемлекеттік қызметтерді тұрғылықты жеріне қарамастан көрсету қағидасын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу туралы» бірлескен Бұйрыққа қол қойылғаны туралы жаңалықпен бөліскім келеді.

Бірқатар мемлекеттік қызметтерді тұрғылықты жеріне қарамастан көрсету қағидасы қызмет алушының тіркелген орнына тәуелділігінің болмауын білдіреді, яғни қызмет алушыға тіркелген орны мен тұрған орнына байланыссыз қызмет алу құқы беріледі.

Аталған пилоттық жоба 2021 жылдың 30 шілдесінен іске қосылып отыр. Ол бойынша мынандай мемлекеттік қызметтерді тұрғылықты жеріне қарамастан көрсету қағидасы бойынша алу қарастырылған: «Баланың туылуына және күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдеу», «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдеу».

Осылайша Сіз қандай да бір себептермен Қазақстанның өзге аймағында жүрген болсаңыз, жоғарыда аталған қызметтерді алу туралы өтінішпен  «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясының фронт-офисіне қайырыла аласыз.

«Азаматтарға арналған үкімет» МК

Жамбыл облыстық филиалының

Шу аудандық бөлімі мемлекеттік қызметі.