Жастарды жігерлендірген жарыс

0 18

Қызыләуіт ауылдық ок­ругінде Еңбек ардагері Айдарбек  Мыңболовты  еске алу жылына орай ауылдық округтегі тұрғындар арасында волейболдан жарыс өтті. Марқұмның  жақындарының ұйымдастыруындағы іс-шараға ауылдық округтегі волейболға бейім азаматтар  қатысып, өз мүмкіндіктерін ортаға салды.

Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қаршыға Шәріпхан және марқұмның ұлы Бауыржан Мыңболов Айдарбек Мыңболовтың кісілік болмысы мен адамгершілік қасиеттеріне тоқталып, жарысқа қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Турнир қорытындысы бойынша, жарысқа қатыс­қан командалардың  ішінен қарсыластарынан басым түскен М.Қыстаубайұлы атын­дағы орта мектеп оқушылары  жарыс жеңімпазы атанса, ақтық сынға дейін әдемі ойын өрнегін көрсете білген ауыл жастары «І-ші құрама» командасы  ІІ орынға тұрақтады. Ал, ауыл жастары «ІІ-ші  құрама» команда үздік ІІІ орынды түйіндеді.

Тұғыр биігінен   көрінген командалар мен үздік ойыншыларға Мыңболовтар әулетінің тарапынан арнайы   сыйлықтар табыс етілді.

C.ҚҰРМАНБЕКҰЛЫ,

Қызыләуіт ауылдық округінің спорт нұсқаушысы.

Талас ауданы.