Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды

0 384

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан үш адам дене жарақатын алды, көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 мамырда Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бара жатқан «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 21 жастағы азаматша оқиға орнында қаза тапты. Оның жолаушылары – 20, 17 жастағы тұлғалар және 11-сыныпты бітіруші түлек ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары тұрақты, бақылауда», делінген хабарламада.