Жамбыл облысында мас адам 43 келі марихуанамен ұсталды
Жамбыл облысының тұрғыны Алматыға 43 келіден астам марихуана апара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қордай аудандық полиция бөлімінің инспекторлары «Қарасора-2026» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 215-шақырымында Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісінен марихуана тәркілеген.
Тәртіп сақшылары әуелі көлікті тоқтатқысы келгенде жүргізуші жол жиегіне шығып, полиция қызметкерлерінен қашуға тырысқан. Алайда ол көп ұзамай, ұсталған.
Полиция инспекторлары жүргізушінің көлігін тексере келгенде 43 келіден астам есірткі тапқан. Ал жүргізушінің өзі мас болып шыққан.