Ұшқышсыз ұшақ Таразда шығады

0 120

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ұшқышсыз ұшақ шығаратын қытайлық  ZHEJIANG STARMACH TECHNOLOGY CO., LTD компаниямен және «Tree Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен «Ұшқыссыз ұшу апаратын шығаруды бастау және оқыту бағдарламалары» жобасымен бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Салтанатты шара «Ұшқышсыз технологиялардағы инновациялар: Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық» тақырыбында өткен көрмеде іске асты. Онда облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек сөз алып, жаңашыл жаңалыққа ақжол тіледі.

— Бүгінгі ұшқышсыз ұшақтар түрлі салада, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде кеңінен қолданылады. Авиотүсірімдер мен авиациялық, химиялық жұмыстарды бақылау және әуе тасымалын іске асыруға пайдасын тигізуде. Пилотсыз аппаратты өндіру өңірімізде қолға алынып, оларды дайындау және қолдану орталығы құрылды, — деді облыс әкімінің орынбасары.

Бүгінгі көрменің облыста цифрлық технологияның қарқын алатынына үлес қосатынын айтқан ол, осы салалағы мамандардың тәжірибе алаңына айналатынына сенім білдірді.

Жобаның бірінші кезеңінде қытайдан жеткізілетін құрама бөлшектерді жинап, құрастыру жүргізілетін көрінеді. Ал кейіннен ондай құрылғылар Қазақстанда өндіру жоспарланған.

Университтеттің ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев алдағы оқу жылынан бастап осы жоба бойынша мамандарды оқытуды бастайтындарын жеткізіп, өздерінің мамандары қытайға, олар осында келіп тәжірибе алмасатындарын еске салды.

Қытайлық компанияның бас директоры Лю Шидун үздік технологияларын таныстырып, өздерінің өнімдерін қолданған ауылшаруашылығы саласында қолданған кездерін бейнебаян арқылы көрсетті.

«Tree Energy» ЖШС бас директоры Жанболат Мұзбаев, жоғары оқу орнының стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есімова және ZHEJIANG STARMACH TECHNOLOGY CO., LTD компаниясының бас директоры Лю Шидун үшжақты мемерондумға қол қойды.