Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды

0 153

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын шақыру туралы

2024 жылғы 20 наурыз

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясы 2024 жылғы 24 – 25 сәуірде Астана қаласындағы Президенттік орталықта «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз үшінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының  Президенті          Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 20 наурыз

№ 132