Теміртау қаласында 2 қабатты дүкенде газ жарылды

0 10

Сағат 8:06-да Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкенде газ жарылды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі “BAQ.KZ” сайтына сілтеме жасап. .

15 ақпанда сағ.08.06-да Теміртау қ.,Ватутин к., 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Дүкеннің 2 қабатты ғимаратында қирау болғаны, жанғаны анықталды. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті. Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды.

Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 техника оқиға орнына бара жатыр.

Сағат 08:44 үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйіндіні тазарту жалғасып жатыр.