Тарихи тараз бекер таңдалған жоқ

0 11

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» кешенінде Ауылшаруашылығы министрілігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен 19 наурыз күні «ҚазАгроЖамбыл-2024» халықаралық ауылшаруашылығы форум-көрмесі ашылды. Іс-шара аясында Түркі мемлекеттер ұйымының Ауылшаруашылығы министрлерінің үшінші кеңесі өтуде, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Форум-көрмеге ауылшаруашылығындағы соңғы үрдістер мен инновацияларды талқылау үшін саланың жетекші сарапшылары мен өкілдері қатысуда. Іскерлік бағдарлама тұқым шаруашылығындағы конгресті қамтиды. Онда Түрік тұқым өндірушілер қауымдастығы «TURKTOB» және «ECOSA» экономикалық ынтымақтастық ұйымының тұқым шаруашылығы қауымдастықтары 70-тен астам халықаралық сарапшыларды жинады, Сарапшылар Қазақстанның әртүрлі топырақ климаттық жағдайларында тұқым шаруашылығының, өндірісті ұлғайтудың және өнімділікті арттырудың өзекті тақырыптарын талқылауда.

Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты осы маусымда фермерлер сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселесіне тап болғанынын еске түсірсек, бұл алқалы басқосудың негізгі мақсаты — осы қиындықтықтың жолын шешу. Сонымен қатар агробизнес өкілдері үшін компаниялардың тұсаукесері және стратегиялық келісімдер мен келісімшарттар көзделетін «В2В» сериясы да өтуде. Отандық фермерлер серіктестерді тауып қана қоймай, өз өнімдерін өткізу нарығын кеңейте алады.

Ауылшаруашылығы техникасы мен жабдықтары, көкөніс және жеміс-жидек өндірісі, жылыжай бизнесі, өсімдіктерді қорғау, ет және сүт шаруашылығы жабдықтары, жем, тұқым, егін жинау және сақтау, суару жүйлері, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу сынды бөлімдер бар.

Қазақстанда ауылшаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібін дамытуға ықпал ететін аса ауқымды шараны өткізуде Тараз қаласын таңдаудың өзі — осы жерден түркі халықтарын біріктіретін «Ұлы Жібек» жолы өткенін, сондай-ақ Жамбыл облысы ауылшаруашылығындағы жетекші өңір болып саналатынын, облыс республикаға барлық пияздың екі де үш бөлігін және сарымсақтың 50 пайыздан астамын өткеретінін, ал ұсақ мал бойынша елімізде екінші орында екенін атап өтті ұйымдастырушылар.

Халықаралық мәндегі ауқымды шараны өткізу жыл басы — әз-Наурызбен тұспа-тұс келгендіктен Ұлыстың ұлы күнін атап өту туралы арнайы бағдарлама жасалып, концерт, басқа да түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылуда.