Таразда құтқарушылар өрт кезінде 7 адамды эвакуациялады

0 76

Жамбыл облысының Тараз қаласында бес қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде 4 және 5-қабаттардың арасында орналасқан қойма бөлмесінде 4 шаршы метр аумақта жиһаз өртенді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

ТЖМ күштерімен баспалдақ маршы арқылы 7 адам, оның ішінде 2 бала эвакуацияланды.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.