Тараз қаласында жәрмеңке өтіп жатыр

0 46

Тараз қаласында «Жастар аллеясында» жәрмеңке өтіп жатыр, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Жәрмеңке ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған.

Жәрмеңкеде Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аудандарынан келген тауар өндірушілердің өнімдері сатылуда.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.