ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

0 17

Аудандық сотта «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.Іс-шараға судья Л.Дүкенбаева, Талас ауданы әкімінің бас инспекторы аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы Г.Калыкулова, Талас АПБ  ЖПҚБ ӘЗЗҚТ-ныңаға инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.А.Куантаева қатысты.

Дөңгелек үстелге онлайн қатысып отырған Талас АПБ  ЖПҚБ ӘЗЗҚТ-ның аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Д.А.Куантаева өз тараптарынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы атқарылып жатқан  іс-шараларға тоқталды. 2021 жылдың  қыркүйек  айында Талас ауданы бойынша  әйелдерді және  балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, оларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылық немесе әкімшілік құқық бұзушылықты болдырмауға, алдын алу бойынша жоспарланған  профилактикалық  іс-шаралары тиісінше ұйымдастырылып, белгіленген жұмыстарды барынша тиімді жүзеге асыруға ықпал етілгенін,   2021 жылдың  9 айындаәйелдерден жалпы санымен  250 арыз шағым тіркеліп,оның ішінде 152 дерек номенклатуралық іспен қысқартылғанын айтты,  31 дерекпен қылмыстық іс, ал 29 дерек бойынша әкімшілік істер қозғалғанын айтты. Әйелдерден түскен арыз-шағымдар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-бабымен 40 әкімшілік іс қозғалып  шара қолдануға Талас аудандық сотына жолданып, әкімшілік жазалар қолданылғаны туралы, айтып, статистикалық көрсеткіштерге тоқталды.

Іс-шара соңында сот төрағасы Г.Әлімқұлова тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі әлеуметтік проблема және барлық алдын алу субъектілерінің үйлесімді жұмысы оны шешуде оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретінін айтып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда бірлесіп жұмыс жасағанда ғана  нәтижеге қол жеткізу мүмкін екенін айтып  іс-шараны   қорытындылады.

Индира ЕРКІНҚЫЗЫ, Aulieatanews,

Талас ауданы.