Су тасқынына байланысты мемлекеттік шекара жабылуы мүмкін

0 185

Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Абай және Қостанай облыстарында қалыптасқан күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан-Ресей шекарасының жекелеген бағыттарында республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы шектелуі мүмкін, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Өз кезегінде шекара қызметі шекараның осы учаскелеріндегі өткізу пункттерінің алдында кептеліс пайда болғанын хабарлайды. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, қозғалыс маршрутын түзетуді ұсынамыз, – дейді комитеттен.