Су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны нақтыланды

0 278

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ел өңірлерінде болып жатқан су тасқыны салдарынан қаза тапқан адамдардың санын атады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Мұндай қайғылы оқиға бірнеше өңірде тіркелді. Атырау облысында 4 адам, ал Түркістан облысында кішкентай бала суға батып кетті. Аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалып, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деді Қожаев.

БАҚ өкілдері Абай облысының Аягөз ауданында болған оқиғаны да тілге тиек етті. Еске салайық, Аягөз ауданында 2 адам трактормен бірге суға батып кеткен еді.

«Барлық дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу қорытындысы бойынша тиісті шешім шығарылады», деді вице-министр.