Сарыағаштық шаруалар картоп егіп жатыр

0 11

Сарыағаштық диқандар бір алқаптан екі рет өнім алады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі “KAZINFORM” сайтына сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданының шаруалары ерте пісетін картоп егуді бастап кетті. Науқанды алғашқы болып Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Өскенбай» шаруа қожалығы қолға алды.

Мұнда 2 га жерге «Реверия» сұрыпты картоп егілуде. Алдағы уақытта шаруа 45 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

Қожалық төрағасы Ө.Рысмамбетов картоп өнімін жинап алғаннан кейін орнына қырыққабат, болгар бұрышын және кеш пісетін картоп өсіретінін сөз етті. Яғни, сарыағаштық диқандар бір жылда бір алқаптан екі-үш рет өнім жинайды.

Жалпы, биыл аудан шаруалары 2,9 мың гектарға жуық жерге картоп өсіреді деп күтілуде. Оның ішінде 1,8 мың гектарына ерте пісетін картоп егілмек.