Әр сенбі сайын іс-шара

0 46

Тараз қаласында 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай әр сенбі сайын кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтары үшін саябақтар мен қоғамдық орындарда концерттік бағдарламалар, көрмелер, спорттық ойындар және басқа да мәдени танымдық іс-шаралар өткізу бастау алды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.  Аталған іс-шаралар 30 қыркүйекке дейін өз жалғасын табатын болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында, «Көне – Тараз» тарихи этно-мәдени кешенінде, Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында, «Жастар» аллеясында, «Қазақ халқына мың алғыс» монументі алаңында, «Даңқ» аллеясы, «Төрткөл» керуен сарайында, «Мамыр» тоғайы, Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде, Төле би, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, А. Пушкин, С. Есенин ескерткіштерінің маңында, сонымен қатар «Құмшағал», «Шөлдала» шағын аудандары, «Қамұқат», «Қант зауыты» алабында, 15-мөлтек ауданда, Қаратай Тұрысов көшесіндегі «Sulpak» сауда үйінің алдында «Қос ішектің күмбірі!» күй тартысы, «Менің Отаным — Қазақстан» патриоттық әндер шеруі, «Әжелер тағылымы» байқауы, «Өнегелі отбасы-2021» байқауы, «Ұлттық өнер — сарқылмас қазына» шеберлік көрмесі, «Тәуелсіз елдің бақытты балалары» концерттік бағдарламасы, «Туған жерім-Қазақстан» шығармашылық қолөнер көрмесі, тоғызқұмалақ пен асық ату ойындарынан жарыстар, сондай-ақ кітап көрмесі сынды іс-шаралар өтуде.

Шаһарымыздың тұрғындары мен қонақтарын Әулиеата аспанында әуелеген ән мен күй тартыстың, әжелер өсиеті мен үлгілі отбасылардың тағылым байлығының, ұлттық дәстүр ғұрпымыздың сан қилы өнегесінің куәсі болуға шақырамыз.