Құрбан айт: ел азаматтары маусым айында неше күн демалады?

0 944

Қазақстан азаматтары маусым айында неше күн демалатыны белгілі болды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусымға сәйкес келеді. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Айта кетейік, Құрбан айтта қосымша демалыс күні беріледі.

Осылайша, маусымда 5 күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:

1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.

Ал 6 күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:

1, 8, 15, 17, 22, 29 маусым.