Доллардың 14 мамырға арналған бағамы белгіленді

0 180

Қазақстанда доллардың 14 мамырдағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,07 теңгеге төмендеп, 440,90 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 14 мамырдағы ресми бағамы — 440,92 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 441,28 теңгеге, сатылымы 442,56 теңгеге тең болды. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,98 теңгеден сатып алынып, 444,98 теңгеден сатылып жатыр.