Құқықтық сауаттылық – бала болашағының кепілі

0 5

«Қаратау» орта мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру және жасөспірімдерді жауапкершілікке, тәртіптілікке тәрбиелеу, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Мектепте өткен іс-шараға Талас ауданы білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов, мектеп директоры Шолпан Таженова, педагог-психолог Қанат Темірбеков қатысты. Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп ережелерін орындау, өз құқықтары мен міндеттерін білу жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар құқықбұзушылық пен қылмысқа алып келуі мүмкін жағдайлар, олардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Мектеп директоры Шолпан Таженова оқушыларды мектеп тәртібін сақтауға, бір-бірін құрметтеуге, кез келген келеңсіз жағдайдың алдын алуға және жауапты азамат болып қалыптасуға шақырды. Педагог-психолог Қанат Темірбеков жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, қиын жағдайға тап болған кезде дұрыс шешім қабылдау, эмоцияны басқару, жанжалдың алдын алу және көмек сұраудың маңыздылығы туралы әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға түсіндірме жұмыстары жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін және олардың заң талаптарын құрметтеумен қатар қауіпсіз орта қалыптастырары сөзсіз. Құқықты білу – өзіңді және өзгелерді қорғаудың маңызды қадамы. Жасөспірімнің әрбір дұрыс таңдауы – қауіпсіз әрі жарқын болашаққа бастар жол.