Қоржынға Париж Олимпиадасының 43-інші жолдамасы түсті

0 1 260

Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық жарысында Қазақстан қоржынына академиялық ескек есуден Париж Олимпиадасының алғашқы жолдамасы түсті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім етуінше, ұлттық құрама спортшысы Владислав Яковлев жекелей сайыста 2 000 метрлік қашықтық бойынша топ жарып, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына 43-інші жолдаманы жеңіп алды.