4 536 тұрғын үй, 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды

0 1 416

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Орталық комуникациялар қызметі алаңында өткізілген брифингте Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінде туындайтын су тасқынының екінші толқыны ерекше бақылауға алынғанын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.  

Оның айтуынша БҚО-нда 81 523 қапшық және 2 770 тонна инертті материал төселді, бөгеттердің іргесін көтеру және нығайту жұмыстары жалғасып жатыр. Атырау облысында 824 мың қапшық және 2 700 тонна инертті материал төселген, 4 424 км бөгет тұрғызылып, іргелері нығайтылып отыр.

«Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасып жатыр, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі», деді спикер.

22 734 адам өз үйлеріне оралған екен. Ал, уақытша паналау бекеттерінде – 8 809 адам, оның ішінде 3 828 бала.

4 536 тұрғын үй және 2 767 аула аумағынан судың бағыты бұрылды.

11,2 млн астам текше метр еріген қар суы шығарылып, 4,6 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және тасқынға қарсы жұмыстарға 36 484 адам, 5 083 техника, 888 су алу құралы, 381 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылып отыр.