«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

0 85

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет ұсынып, кей өңірлерде жүргізушілерге ескерту жасады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстары мен Астана қаласында қалың тұман түседі. Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай және Ақмола облыстарын да тұман басып, қар жауады. Жолдың кейбір учаскесінде көктайғақ болуы мүмкін.

– 11-13 наурыз аралығында Жамбыл облысында жауын-шашын жауып, күн күркірейді. Таулы аймақтарда тұман болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетіп, жол жабынында көктайғақ пайда болу қаупі бар. Ақтөбе облысының батысы, солтүстігі мен орталығында жаяу бұрқасын, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.