Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

0 201

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Тағы бір солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жағдайын тудырады.

28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, кейін Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын әр түрлі фазада: қар және жаңбыр түрінде болады деп болжанады.

Қазақстан Республикасында тұман түсіп, жел күшейеді, республиканың солтүстік жартысында бұрқасын болады, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Температураның кенеттен өзгеруі күтілмейді.