Қазақстанда кітап бағасы қымбаттады

0 353

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда кітап бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 пайызға қымбаттағанын мәлімдеді, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.  

2023 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында баспа компаниялары көрсеткен қызметтердің көлемі 70,2 миллиард теңгені құрады. Былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда қызмет көрсету көлемі 0,8%-ға өсті.

Аталған соманың 23,5 миллиард теңгесі – газет шығару, 16,7 миллиард теңге – кітап шығару, 9,7 миллиард теңге баспа қызметінің өзге түрлері есебінен түскен.