Президент «Болашақ ойындары – 2026» турнирінің ашылу салтанатына қатысады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатында сөз сөйлейді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада 29 шілде – 9 тамыз аралығында өтетін сайыста 34 елден 800 спортшы бақ сынайды.