Пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатыны айтылды
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың басында пойыздарда пилоттық режимде интернет пайда болатынын айтты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Оның айтуынша, өткен жылы республикалық жолдар бойында талдау жүргізілген.
«Талдау негізінде біз антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет болатын 243 нүктені анықтадық. Қазір әкімдіктер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. 80-ге жуығы іске асты. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардағы «ақаулар» жойылады. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жолдарды талдау жұмыстары басталды, оның нәтижелері ескеріліп, алдағы уақытта жоспарға енгізіледі», деп толықтырды Коняшкин.
Оның айтуынша, теміржол пойыздарында интернеттің сапалы жұмыс істеуі үшін әртүрлі технологияларға талдау жасалды.