Өткен жылы атқарылған жұмыс аз емес
Облыстық коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облысы, Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округінің әкімі Ринат Бекбосын ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы және жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту, қайырымдылық жасау, мал шаруашылығын дамыту сонымен қатар ветеринариялық жұмыстар, кәсіпкерлік саласы, «Ауыл аманаты» жобасы, канал, арықтарды тазалау, басқа да салаларда атқарылған, алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар туралы хабардар етті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Ауылдық округте 2099 адам тұрады. «Агробизнес» бағдарламасы аясында 4 шаруа қожалығына 90,0 миллион теңге несие рәсімделіп, 1018 бас қой, 63 бас жылқы алынды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 16 жұмыссыз ауыл тұрғындарына оқыту жұмыстары жүргізіліп, сертификат алды. Осы азаматтар ауылдық округте шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қайтарымсыз грантқа құны 19,2 миллион теңгені құрайтын 16 жоба ұсынылып, 4,9 миллион теңгенің 4 жобасы оң шешімін тапты. «Ауыл аманаты» жобасына мал шаруашылығын тиімді пайдалану бағытында 120 ауыл тұрғыны қатысады деп жоспарлануда.
С.Шәкіров ауылдық округінің 2023 жылға арналған даму жоспарына сәйкес, ауылдық округте 34,5 миллион теңгені құрайтын 7жұмыс орны ашылып, 5 жоба жүзеге асырылды- деді хабарламашы.
Одан әрі округ әкімі жайылымды ұлғайту бойынша ауыл тұрғындарының мал жайылымы үшін былтыр игерілмей жатқан 1689 гектар жер қайтарылып, елді мекеннің шекарасының аумағы 3349 гектар жерге ұлғайтылыпты. Сонымен қатар ауылдық округ маңындағы жайылымдық жерлерді пайдалану бойынша 9 шаруа қожалығымен 4677 гектар жерге меморандум жасалғанында еске салды. Ауылдық округтегі 1094 гектар егістік жердің, 612 гектары игерілген. Тамабек ауылына ағын су келетін Жұмабек каналының 0,6 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары және каналдың қауіпті жерлеріне нығайту жұмыстары жүргізіліпті. Үй іргесіндегі жерлерді пайдалану бойынша жалпы ауылдық округтегі 316 аулада 91 гектар үй іргесіндегі жерлер игеріліп жатқан көрінеді. Жаз мезгілінде Талас өзенінде су жетіспеушілігіне байланысты ауыл тұрғындарына жер асты суларын пайдалана отырып, тамшылатып суару жүйесін пайдалану туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп, биыл тұрғындар ауласына 20 құдық қазу жоспарланған.
Ауылшаруашылығы саласында басқа да қолға алынып жатқан жұмыстармен қатар, көріктендіру-көгеріштендіру, ауылды абаттандыру, жалпы округ бойынша атқарылып жатқан жұмыстардан жан-жақты мәлімет берген округ әкіміне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.